Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография Абая Кунанбаева

Он Төртінші Сөз


Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі
дегені — батыр дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді.
Рақымдылық, мейірбандылық, əр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп,
өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар — жүрек ісі,
асықтық та — жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалган шықпайды.

Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Біздің қазақтың «жүректісі» мақтауга
сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез
жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын
бұрып алуға жараған, əділетті ақыл мойындаған нəрсеге, қиын да болса,
мойындау, əділетті ақыл мойындамаган нəрсеге, оңай да болса, мойындамау —
ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры — əншейін жүректі
емес, қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін
ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады.
Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз
қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен
соң, бойын жиып алып кетерлік кайрат қазақта кем болады.
Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп
ат қойып жүрген кісілерінің бəрі — бəлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін,
бірін-бірі «айда батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын
сездері.
Əйтпесе, Құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын
жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі
бір тексермей кеткен кісі, тəуір түгіл, əуелі адам ба өзі?

Абай Құнанбайұлы

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники