Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография Абая Кунанбаева

Қырық Бесінші Сөз


Құдай Табарака уатағаланың барлығының үлкен дəлелі — неше мың
жылдан бері əркім əр түрлі сөйлесе де, бəрі де бір үлкен Құдай бар деп
келгендігі, уа һəм неше мың түрлі діннің бəрі де ғаделет, махаббат Құдайға
лайықты дегендігі.

Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пəндеміз. Сол
махаббат пен ғаделетке қарай тартпақпыз. Сол Алланың хикметін біреуден
біреу анығырақ сезбекпен артылады.
Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес
жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол — жаратқан Тəңірінің ісі. Айғыр
биеге ие болмақта да махаббат сезім бар.
Бүл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым, сол —
ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған
нəрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

Абай Құнанбайұлы

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники